Назарбаев Зияткерлік Мектептері 2-желтоқсан 23-қаңтар аралығында құжаттар қабылдайды.
Өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау Карантиндік шектеулер кезеңінде қауіпсіздікті және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін әр Зияткерлік мектептегі қабылдау бөлмелеріне келушілер ағыны онлайн-брондау қызметі арқылы реттелетін болады, бұл конкурстық іріктеуге құжаттар тапсыру үшін мектепке барудың күні мен уақытын алдын-ала брондауға мүмкіндік береді.
❗2021 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу құрылымына қосымша «Жаратылыстану» бөлімі енгізілмек. Сол себепті 2021 жылы «Жаратылыстану» тестінің апробациясы өтеді. Яғни апробация нәтижесі конкурстық іріктеу статистикасын жасау кезінде есептелмейді.
Толығырақ www.nis.edu.kz сайтынан біле аласыз.